Абай ауданында биыл 1,5 мың ағаш отырғызылып, жолдар жөнделеді

Әкімдік сайтынан

Абай мен Топарда биыл 1,5 мың ағаш отырғызылады. Төрт көшеде жолдар орташа жөндеуден өткізіледі: Шахтерский көшесінде – 1-ден 29-шы үйге дейін, Қызыл кентіндегі Макаров көшесінде және Вольный кентіндегі Степная мен Угольный көшелерінде. Сондай-ақ, аула аумақтары мен тұйық көшелердің 8 учаскелерінде жолдар асфальтталады. Ұзындығы 2,2 км қаланың 6 учаскесінде жаяу жүргіншілер тротуарлары жабдықталады.
 

Абайды абаттандыру жоспары туралы Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа жаяу аралау кезінде баяндалды.

Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов елді мекендер көшелерінің санитарлық жағдайын бақылау үшін әкімдік пен полицейлердің рейдтері жүргізіліп жатқанын айтты. 

Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері арнайы планшеттермен жабдықталған, енді олар әкімшілік нұсқамалар мен айыппұлдарды өз бетінше жаза алады. Планшеттер әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің базасымен біріктірілген.

– Біздің міндетіміз, әрине, айыппұл салу емес, тұрғындарымыздың, бизнес өкілдерінің өз аумақтарын ретке келтіруіне қол жеткізу. Біз қазір күн сайын сенбіліктер өткіземіз, әр апта сайын "Таза бейсенбі" акциясы өтеді. Мемлекеттік қызметшілер шығып, тазалық шараларына қатысады, – дейді Абай әкімі Нұржан Тасмағамбетов.

Абайдағы Молдағұлова көшесінде 26 үйдің шатыры жөнделіп, қасбеттері жаңартылатын болады.

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтуде. Абай ауданында 2400 тонна қоқыс шығарылды. Көшелер мен аулаларды тазарту акциясы 13 мамырға дейін жалғасады.