Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

17 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жарияланды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі  "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8-дегі жағдай келесідей болып отыр. Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен:    

Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см құрайды.
Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см құрайды.   
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396 см., су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.  

17 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын көлемі 436 м3 / с құрайды, су жіберу көлемі 345 м3/с құрайды, - делінген хабарламада.