Бозқараған жайлы сіз білмейтін деректер

Ашық дереккөз

Гүл – әдемілік пен нәзіктіктін белгісі. Ал бозқараған көктемнің белгісі іспеттес. Мамыр туғанда гүлдеп, бар адамзат баласын өз иісіне мас қылады. Нәзік жандылар да оны иісі үшін ерекше жақсы көреді.Тіпті бозқараған жайлы олең жазған ақындар да бар. Оған Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдары дәлел бола алады:

Көрдің бе бозқараған

Сирень иісі аңқиды боздаладан.

Бозқараған – тікенек, тікенге өскен

Сирень гүлін ешкім де қозғамаған.

(Соның аты, біздіңше, бозқараған)

Қарасудың жағасы бозқараған

Бозқараған бұтағын қозғама, адам.

Бозқараған ішінде бойжеткенге

Бозбалалар бозарып көз қадаған.

Бозқараған тек әсемдік үшін емес, ем-дом шараларын жасау үшін де қолданылады. Одан жасалған тұнбалар бүйректегі тас пен құмды кетіреді, қабынуды басады, қандағы қант деңгейін түсіреді. Тіпті туберкулезді де бозқарағанмен емдеуге болады екен. Жапырақтары іріңді жараларды тез жазуға көмектеседі. Алайда мөлшерден көп қолданса кері әсерін беретінін естен шығармау керек. Оның үстіне алдымен бұл өсімдікке аллергияның бар жоғын анықтап алған жөн.

Ақниет ЫСҚАҚ