ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

-

Бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облыстық филиалы директорының Абай ауданы мен Шахтинск қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуде денсаулық сақтау жүйесі туралы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне шағымдар санын азайтудың, халықты медициналық сақтандыру жүйесімен қамтудың және оның артықшылықтарының өзекті мәселелері талқыланды, МӘМС және ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды қаржыландырумен қамтамасыз етуге қатысты түсініктемелер берілді.

Кездесуде сондай-ақ бөлінетін қаржы қаражатының басым бағыттарын (қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және салықтар, дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарды сатып алу, стационарда тамақпен қамтамасыз ету және т.б.) айқындай отырып, оны тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

«Біздің міндетіміз – медициналық көмектің үздіксіз болуы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әрбір азаматтың ТМККК шеңберінде де, МӘМС жүйесінде де өзіне қажетті көмекті алуы болып табылады», - деп атап өтті ӘМСҚ филиалының директоры Фазыл Копобаев.