Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысының атынан Костенко шахтасының электрослесаріне марапатын табыс етті

-

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президентінің атынан Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электрслесарі Айбар Қосановқа мемлекеттік наградасын табыс етті. Жанқиярлық және жемісті еңбегі үшін ол ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды.

2f865231590e2b3821024975cf225553_original.102908.jpg

 – Айбар тапқырлық танытты. Ол осы шахтада болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Ел Президенті марапаттау туралы шешім қабылдады. Шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз үшін рахмет, ата-анаңызға осынлац ұл тәрбиелегені үшін рахмет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Qarmet компаниясының басшылығы қызметкерді мемлекеттік наградамен құттықтап, алғысын білдірді.

d8a95ae8ab009a98e2eed1c136035a16_original.59252.jpg

Айбар Қосанов ел Президентіне еңбегі үшін жоғары марапаты үшін алғысын білдірді.

– Мен үшін бұл күтпеген жағдай. Еңбегімді бағалағаны үшін рахмет, бұл біздің бүкіл ұжымның сыйы, – дейді Айбар Қосанов. – Сол күні мен әдеттегідей жұмыс істедім. Түтін туралы естігеннен бетте бірден 700 метрге жүгірдім. Түтінді көргенде екі өрт сөндіргішті алып, ошаққа қарай жүгірдім. Сол кезде мен ештеңе ойламадым. Мен тек адамдарды құтқарғым келді.

Айбар Қосанов 38 жаста, Шет ауданының тумасы. Костенко шахтасында электрослесарі болып жұмыс істеп келе жатқанына үш жыл болды. Жұбайымен екі бала тәрбиелеп отыр.

abebc7082099303d77dadafcacbc58fa_original.137304.jpg

Костенко атындағы шахта директоры Денис Дымовтың айтуынша, әрбір адам мұндай әрекетке бара бермейді, қауіпсіз жерден 750 метрден оқиға ошағына дейін жүгіріп бару – ерлік. Ол тез әрекет етіп, конвейер штрегіндегі түтінді жалғыз өзі жойды. Бұл тіпті оның міндетіне кірмейді екен.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні кешке Костенко атындағы шахтадағы К3 қабатының 4-ші конвейерлік штрегінде түтін шыққан. Жедел әрекеттердің арқасында штаттан тыс жағдай тез жойылды. Бұл ретте эвакуациялау жоспарын енгізу және кеншілерді жер бетіне шығару туралы шешім қабылданды.

271bd0ae4da2a5d654df7b89e2945f6b_original.123562.jpg

Штаттан тыс жағдайдың алдын-ала себебі төменгі кенептің ролигіне бөгде заттың түсуі, содан кейін роликтің жұмысын бұғатталған. Бұл өз кезегінде конвейер таспасында түтін тудырған.