Қанның түсі қызыл ғана емес

Ашық дереккөз

Қанның түсі қызыл түспен байланыстырылады. Қызыл түсті қан - бәріне үйреншікті, түсінікті.

Алайда қанның түсі жалғыз қызыл ғана болмайды. Әртүрлі ағзалардың қан құрамындағы химиялық заттардың әсерінен көк, күлгін, жасыл, тіпті түссіз де болады.

Барлық адамдарда және көптеген омыртқалыларда қанның құрылымында темір атомдары  бар гемоглобин болғандықтан қызыл түсті. Сонымен қатар, гемоглобин ағзаның тыныс алу қызметіне де қатысатыны мәлім. Ол ағзадағы барлық жасушаларға оттегіні тасымалдап, кейін тіндердегі көмірқышқыл газын алып, қайта өкпеге апарады.

Үлкен ақуыз гемоглобин төрт шағын блоктан тұрады. Олардың әрқайсысында құрамында темір атомы бар гем деп аталатын шағын аймақтар бар. Құрамында екі валентті темір атомы бар гем, оттегі молекуласын қосады және бере алады. Бұл жағдайда оттегі  қосылған темірдің валенттілігі өзгермейді. Дәл осы темір оксидінің (Fe2+) арқасында қан қызыл түске ие болады. Барлық омыртқалы жануарларда, жәндіктер мен шырыштылардың кей түрлерінде қан ақуызында тотыққан темір болғандықтан қандары қызыл түсті болады.

Қанның қызыл түсті ғана болмайтыны туралы сөз қозғадық. Ол кей тірі ағзалардың эритроциттерінде гемоглобин емес, құрамында басқа темірі бар ақуыздар болуына байланысты.

Күлгін түсті қан омыртқасыздардың кей түрлерінде, әсіресе, моллюскаларда кездеседі. Олардың қанында гемэритрин деген ақуыз бар. Ол қанның тыныс алу пигменті болып табылады әрі гемоглобинмен салыстырғанда бес есе көп темірді құрайды. Оттегіге бай гемэритрит қанға күлгін түс береді. Ал тіндерге оттегіні бергенде мұндай қан қызғылт түске айналады.

Тағы бір құрамында темір бар ақуыз - хлорокруорин қанға және тіндердегі сұйықтыққа жасыл түс береді. Бұл ақуыз қан плазмасында еріген және құрамы жағынан гемоглобинге ұқсас. Бірақ мұндағы темір сүтқоректілердің қаны секілді тотыққан емес, шала тотыққан. Сондықтан да түсі жасыл.

   Тірі ағзалардың қан түсі қызыл, күлгін, жасыл түстермен тоқтап қалмайды. Мәселен, сегізаяқ, өрмекші, шаян, сары шаяндардың қаны көкшіл түсті. Өйткені бұл жәндіктер мен жануарлардың қандағы тыныс алу пигменті гемоглобин емес, гемоцианин. Яғни мұнда темірдің орнына мыс (Cu2+) болғандықтан қан жасыл түсті болады.

 

Ақерке Аянқызы