«Қарағанды ардагерлеріне құрмет көрсетілді»

LIFE09

Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлім командирінің міндеттерін уақытша атқарушы подполковник Асилбеков Жеңіс Қамшыбекұлы және Қарағанды облысы, Әлихан Бөкейхан аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Есімбаева Алмагүл Садуақасқызы  жеңістің 79 жылдық мерейтойының қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Хабибулова Рауза Сағитқызына және Дорошко Татьяна Ефимовнаға арнайы құттықтап қайтты. Шара барысында ұландықтар бөлім командирі подполковник Омаров Рауан Сарсенғалиұлының табыстауымен мерекелік арнайы алғыс хатпен гүл шоқтарын табыстап, ардагерге азық түлік жеткізілді.

1

- Әрбір халықтың басты міндеті - тарихын сақтап қалу. Тарих бетінде мәңгілікке сақталған Ұлы Жеңіс ұрпақтан ұрпаққа жалғасу үшін ардагерлер қатарын әрдайым мадақтап отырып оларға  барынша қол ұшын беру керек, ерең еңбектерін ұмыт қалдырмай насихаттап отырғанымыз жөн. Осы орайда Ұлттық ұлан қатарында жыл сайын "Біз жеңістің мұрагерлеріміз" акциясы аясында әрбір ардагерге арнайы қүрмет көрсетіп отырамыз, - дейді бөлім командирінің орынбасары міндетін атқарушы майор Марат Таубаев.

Атап өтсек бүгінгі таңда Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 11 ардагері әлі де қатарымызда.

1

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.