Қарағанды облысының тұрғындарына аң аулау ережелері туралы еске салды

Фото: glorypets.ru

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тұрғындарға аң аулайтын жыртқыш құстармен және аңшы иттермен аң аулау ережелерін еске салды.

Ережеге сәйкес аң аулауға аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, атыс қаруы мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат, сондай-ақ аң аулайтын жыртқыш құстың паспорты болған кезде ғана рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, заңнамадағы соңғы түзетулерге сәйкес, үйдегі аңшы иттер міндетті тіркеуден өтіп, жеке нөмірі болуы керек.

Егер бұл талаптар орындалмаса, аңшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша