Қарағандыда қазақ тілінің тегін курстарына қабылдау жүріп жатыр

Фото: gov.kz

Қарағанды тұрғындарын қазақ тілінің тегін курстарынан өтуге шақырады. Сабақтарды Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады.

19 жастан асқан барлық адамдар ұзақ мерзімді (3 ай) және қысқа мерзімді (1 ай) курстарға жазыла алады.

Бір топқа 15–20 адамнан қабылданады.

Сабақтар офлайн режимде өтеді.

Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі.

Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 34, каб. 418.

Анықтама телефоны: +7-708-356-73-82.