Қарағандылық оқушылар химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Фото: gov.kz

№ 1 "Білім-инновация" Қарағанды лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Санжар Қалиақбар химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасында қола медаль иегері атанды.

Химия пәнінен оқушылардың 58-ші олимпиадасы әлемнің 29 елінен жиналған 200 қатысушы арасында Шэньчжэнь қаласында (ҚХР) өтті. 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлделер ұсынылды.

Қазақстан құрама командасы 9 медаль жеңіп алды – 1 алтын, 2 күміс және 6 қола. Қола жүлдегерлер қатарында қарағандылық оқушы Санжар Қалиақбар да бар.

– 7-сыныптан бастап Санжар химия пәнінен олимпиадаларға қатысып, содан бері облыстық және республикалық зияткерлік жарыстарда жеңіске қол жеткізіп келеді. Биыл ол халықаралық деңгейге шығып, жақсы нәтиже көрсетті, – деді №1 "Білім-инновация" лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Назерке Білімхан.