Қытайда Қазақстандағы туризм жылының ашылуында Балқаш көлі мен Қарқаралы ауданының әсем жерлері таныстырылды

Фото: gov.kz

Қытайдың Пекин қаласында Қазақстандағы Туризм жылының ашылуы өтті. Іскерлік форум жұмысына Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының, сондай-ақ Балқаш және Қарағанды кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Екі күн аралығында, 28 және 29 наурызда панельдік сессияларда өзара әрекеттесу мәселелері талқыланады.

Негізгі тақырыптар – екіжақты ұйымдастырылған туризм және қытайлық өндірушілер үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы.

Форумға қатысушылар үшін Қазақстанның 17 облысының стендтері орнатылды, онда өңірлердің туристік көрікті жерлері ұсынылған. Қарағанды облысы екі туристік орынды – Балқаш көлі мен Қарқаралы ауданын таныстырды.

– Визасыз режим саяхатшыларға Қытай мен Қазақстанның таңғажайып жерлеріне баруға мүмкіндік береді, – дейді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова. – Жыл басынан бері екі жаққа 400-ден астам туристік рейс жүзеге асырылды. Қытайлықтар тарапы тек біздің табиғи көрікті жерлерге ғана қызығушылық танытпағанын, өңірде қандай өндірістер бар, өнеркәсіптің қаншалықты дамығандығы туралы көп сұрағанын атап өткім келеді.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырды. 

Қазақстанның Қытайдағы Туризм жылын өткізу туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапары барысында жарияланды.