Әскерилер арасында Жайдарман өтті

LIFE09

2024 жылдың 27 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлім командирінің кубогіне бөліністер арасында көңілді тапқырлар алаңы ұйымдастырылды.

1

1

Іс-шарада :
-Қарағанды Жайдарман филиалының Студент Лайф лигасының редакторы Абенов Әділ Жасланұлы;
-Қарағанды қаласының Тәттімбет жайдарман тобының мүшесі⁠ Жанкелді Ануархан;
-” Орталық” өңірлік қолбасшылығы ТжӘҚЖ басқармасының аға офицері подполковник Каримов Еркебұлан Жалелұлы әділ қазылар алқасы болып тағайындалды.
Қадірменді қонақ ретінде Шахан кенті әкімінің орынбасары Ержуманов Зару Хамитович шақырылды.
Іс-шараға 6505 әскери бөлімінің командирі полковник Барышев Бауыржан Мұратбекұлы қатысып отырған командаларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.
Ойынның соңында қазылар алқасы өздерінің шешімдерін хабарлап:
1 орын -“бөлім командирінің КУБОГЫ”, І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және сыйлықтар  “Бір үйдің балалары”, 2 атқыштар батальонына;
2 орын- ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және сыйлықтар "9 ЖАР" әскери жайдарман кұрама командасы, 9 атқыштар ротасына; 
3 орын - ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және сыйлықтар “Ұлт мақтаныштары”, 3 атқыштар батальоны иеленді…
Көңілді тапқырлар ойынына белсене қатысқаны үшін “Алғыс хатпен”:
-“Ұлы дала ұландары”- 1 атқыштар батальоны;
-“Сақшылар”- 4 атқыштар батальоны;
-“Жас қырандар” - МТҚР иеленді.

1