«Жасыл Аймақ» экологиялық акция Приозерск қаласында

Фото: gov.kz

«Жасыл Аймақ» экологиялық акция Приозерск қаласында жалғасуда. 
Бүгін қала аумағына қарағаш пен терек көшеттерінің 450 бірлігін отырғызу жоспарлануда. Отырғызу шұңқырлары  дайындалып, отырғызу жұмыстары «таза бейсенбілік» аясында өтті.
Көп қабатты үйлердің жанына ағаш отырғызғысы келетін барлық тұрғындарға олардың өтініштері бойынша көшеттер беріледі.
Үлкен күш-жігермен қала жылдан жылға жасылға айналуда, күшіміз бірлікте!