Қарағандыда жасөспірімдерге арналған кітап марафоны басталды

Фото: gov.kz

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы барлық тілек білдірушілерді 23-30 сәуір аралығында жыл сайынғы жасөспірімдер кітабының марафонына шақырады. Бір апталық мереке кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға арналған.

Марафон бағдарламасы:

23 сәуір

10:00 – кітапхана кіреберісіндегі экранда бейнеролик көрсету, кітап тұсаукесерлері, кітапханаға виртуалды экскурсия. Кітап көрмесі, "Кітап – сарқылмас мұра" шолуы;

11:00 – "Қазыналы Қарағандым!" Қарағандының 90 жылдығына арналған қалалық байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау.

24 сәуір сағат 14.00-де

"Тарих. Тұлға. Тағдыр" жобасы аясында жазушы және ақын Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына, ақын Ілияс Жансүгіров пен жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай "Азаттық аңсаған Алаш арыстары" атты тарихи-танымдық кеш.

25 сәуір сағат 15:00-де

Қарағандының 90 жылдығына арналған "Қазыналы Қарағандым!" жастар шоу-бағдарламасы өтеді.

27 сәуір сағат 12:00-де

"Сенің мамандығың" көрмесі.

28 сәуір сағат 12:00-де

"Өз қолыңызбен жасалған бұйымдар" үйірмесінің жұмысы аясында "Кітаптарға арналған бетбелгілер" шеберлік сабағы.

29 сәуір сағат 11:00-де

"Тұлға" жобасы аясында "Жетістікке жеткен адамның өмірінде кітаптың алатын орны" тікелей эфирі.

30 сәуір сағат 12:00-де

Отан қорғаушылар күніне арналған "Ел әскерімен мықты" патриоттық сағаты.

Марафон 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған.