Рудныйда әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісінің мәйіті табылды

Фото: sputnik.kz

Қостанай облысы Рудный қаласында әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісінің мәйіті табылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Рудный қаласында автовокзал маңында әйел адамды автобус қағып кетті. Әйел сол жерде қайтыс болды. Оқиға 6 желтоқсанда болған.

Ал 7 желтоқсанда жүргізуші өз үйінде өлі күйде табылды.

"7 желтоқсанда пәтерден адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын жасаған 62 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол суицид жасаған", - дейді Қостанай облыстық полиция департаменті.

Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.