Автожолдардағы ауа райы қандай екені белгілі болды

Фото: baq.kz

"ҚазАвтоЖол" компаниясы еліміздің республикалық автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Абай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген компания таратқан ақпаратта.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.