Көптен бері бірге көрінбей кеткен Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде видео жариялап, оқырмандарымен тілдесті. Ерлі-зайыпты өздері туралы ел арасында түрлі алыпқашпа әңгімелер көбейіп кеткенін жеткізді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram желісінде ортақ видео жариялап, елді таңғалдырды. Жұлдызды жұп соңғы кезде халық арасында өздеріне қатысты түрлі қауесеттер тарап кеткенін алға тартты.
"Мен Қайрекең туралы түрлі әңгімелер естимін. Десе де, мен оны сөкпеймін. Қайрекең туралы ғана емес, жалпы біз жайлы халық арасында алыпқашпа әңгімелер өте көп. Бірақ біз оларды сөкпейміз", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары трендке айналып кеткен кидеоны түсірген ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.
"Жарасып отырған тамаша жұп", "Осылай әркез қуанып, бірге қол ұсасып жүріңіздер", "Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын", "4 баласы бар бақытты жандар", "Бақытты болыңдар", "Сүйіктілеріңмен айырылыспаңдар", "Кім не десе де, мән бермеңдер. Сендер нағыз үлгі тұтар жұпсыңдар, - деп жазуда көпшілік.