Қазақстандық жас ауыр атлет әлем рекордын жаңартты

Фото: ҰОК

Қазақстандық жас ауыр атлет Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңарта отырып, ауыр атлетикадан Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ақжол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.

Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136+164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127+171) келі.