Қазақ эстрадасының бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын өткізді. Аңыз әнші жаңа жасын ет-жақындарымен бірге атап өткен, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған мерекелік шара Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Эстрада жұлдызын барша ағайын-туысы мен өнердегі жақындары құттықтап келген.
Жұлдызды қонақтар арасында Димаш Құдайберген мен Зарина Алтынбаева да болды. "Бибігүл апайымыз осы жасқа дейін қазақ мәдениетін бұкіл шартарапқа танытып келген аңыз тұлға", - деді өз тілегінде Димаш.
Зарина Алтынбаева Instagram-дағы парақшасында фото мен видео жариялап, көпшілікке Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойы қалай өткенін көрсетті.