Қарағандының орталық саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жаппай шаңғы жарысы өтті. Спорттық мереке 300-ге жуық белсенді тұрғындарды біріктірді.
Жарыстың бас төрешісі Нұрислам Берімовтың айтуынша, шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
– Шаңғы жарысы екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және қарағандылықтардың қызығушылығын тудыруда. Жарыс дәстүрге айналады деп үміттенеміз, – деп атап өтті ол.
Қатаң регламент болмады, сайысқа барлық ниет білдірушілер қатыса алды. Ережеге сай, бір шақырымнан артық жүгіру керек еді.
Жарысқа бірінші болып 4–6 сынып оқушылары шықты. Бұл жарысқа қатысушылар қатары қалың болды.
– Бірінші рет қатысып отырмын. Мен көбіне жауынгерлік спортқа қызығушылық танытамын, дзюдоға жазылғым келеді. Шаңғы - бұл хобби, таза ауада демалудың жақсы мүмкіндігі. Нәтижем орташа болғанымен, өте ризамын. Жеңіс басты нәрсе емес! Осындай мерекеге қосылғаныма қуаныштымын, – деп бөлісті 11 жасар Ярослав Шнайдер.
Ал 12 жасар Әмина Әбілқасымованың шаңғы жарысындағы жетістіктері зор. Жас спортшының ересектер дәрежесі мен көптеген медальдары бар.
Ардагерлер арасындағы жүгіруге 73 жастағы марафоншы Төлеутай Жаманбек қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттар алды.