Лифтте бес жасар баланы пышақтаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққан: Орталық жағдайды растамады

Фото: yandex.kz

Астанада лифтте бес жасар баланы пышақтап тастаған шизофрениямен ауыратын жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Астана психикалық денсаулық орталығы оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Шизофрениямен ауыратын бала анасына оны соққыға жыққанын айтып шағымданған. Ал ерекше баланың анасы 102-ге хабарласқан. Полицейлер ауруханаға жеткенде, кезекші дәрігер мен медбике науқасты қарап, әңгімелесіп, анасының келісімімен фотоға түсірген. Алайда дене жарақаттары табылмады.

"Терісі таза, терінің тұтастығы бұзылмаған, науқас көрсеткен жерлерде гематомалар мен ісінулер анықталған жоқ", – деп хабарлады орталық.

Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп, қорытындысы кейінірек белгілі болады.