Қазақстандық тасымалдаушы Астанадан Самарқандқа тұрақты әуе рейстерін іске қосады

Қарағанды облысының әкімдігі

QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астанадан Самарқандқа Түркістан транзитімен тұрақты рейстер ашады. Бұл бағыт бойынша алғашқы ұшу 1 мамырға жоспарланған.

Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері келесі кесте бойынша ұшады:

- бейсенбі:

IQ369 Астана 16:15 – Самарканд 20:00 (Түркістандағы түйісу 1 сағат);

Самарқанд IQ510 21:00 – Астана 01:30 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);

жексенбі:

IQ369 Астана 07:25 – Самарканд 11:00 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);

Самарқанд IQ510 12:00 – Астана 15:30 (Түркістандағы түйісу 40 мин.).

Рейстер канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 өндірісінің жайлы және заманауи ұшақтарымен орындалады.