Әлем киножұлдызы қазақ тілінде сөйлеп, Алматыға келетінін мәлімдеді

Фото: RAMS Qazaqstan

Танымал киноактер, дүние жүзі көрермендерінің сүйікті телехикаялары – "Ғаламат ғасыр", "Бозторғай", "Ұлы дала: Османдар" секілді жобаларда басты рөлдерде ойнаған Бурак Өзчивит RAMS GLOBAL компаниясының ресми бренд-амбассадоры атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілетме жасап.

Бұл туралы актер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлап, қазақ тілінде видеоүндеу жасап, Қазақстанға келетінін жариялады: "Жақында Алматыға барамын".

Бұл ақпаратты RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясының өкілдері растады. Олардың мәлімдеуінше, Бурак Өзчивит RAMS Global-дың екі флагмандық жобасының бренд-амбассадоры болды. Біріншісі – RAMS Beyond Almaty – жаңа буын жобасы, ол сән-салтанат пен заманауи өмірге жаңа көзқарас арқылы Алматының болашағын қалыптастырады. Екіншісі – Pavilion by RAMS, Солтүстік Ирактағы Эрбиль қаласында орналасқан ерекше тұрғын үй кешені. Бұл – бұрын су болмаған аймақта жасалған ауқымды су аймағы бар нағыз оазис.

Өз кезегінде RAMS Global компаниялар тобының бас директоры Фарук Бүлбүл серіктестік туралы пікірінде былай деді:

"RAMS Global – жай ғана ғимараттар мен құрылыстар туралы әңгіме емес. Біз арман, құндылықтар мен ұмытылмас әсер сыйлаймыз. Бурак Өзчивитпен күш біріктіре отырып, өз миссиямыз бен жаһандық көзқарасымызды әлемдік аудиторияға кеңінен танытамыз. Себебі RAMS Global – ESG стандарттарын қатаң сақтайтын компания. Бұл – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы. Осы аптада Өзчивит мырза Алматыға келіп, Қазақстанның ең ірі мегаполисіндегі жобаларымызды өз көзімен көріп, жақын арада жүзеге асыратын жоспарларымызбен танысады. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз!"