Қарағанды облысындағы жеке меншік үйлердің иелеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны кезеңінде өздерін және айналасындағыларды жұқпалы аурулардан қалай қорғау керектігі айтылды.
Ең алдымен, өз аумақтарында құдықтары бар жеке меншік үйлердің иелері учаскені қардан тазалап, құдықты тазарту жұмыстарын жүргізулері қажет. Бұл қар мен еріген судың құдыққа түспеуі үшін қажет. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары құдыққа рұқсат етілген құралдарды пайдалана отырып, дезинфекция жүргізуді ұсынады.
Жеке меншік үйлердің иелері ықтимал су тасқыны алдында сарқынды суларды септиктерден және қазылған шұңқырлардан соруы керек.
– Кеміргіштер халық денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені су тасқыны кезеңінде олар су басқан аумақтардан тұрғын үйлерге, сондай-ақ азық-түлік сауда, тамақ өнеркәсібі және т. б. ғимараттарға белсенді түрде қоныс аударады, бұл адамның кеміргіштер шалдығатын инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупін арттырады, – деп ескертеді Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгерім Жылқыбаева.
Жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупін азайту үшін тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу және тамақ дайындау үшін пайдалану ұсынылады. Құдықтар мен табиғи көздерден ішуге болмайды.
Тасқын сулар тиген өнімдерді тұтынудан бас тарту, жертөлелер мен азық-түлік қорларын мүмкіндігінше жоғары орналастыру керек. Барлық көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, қолды сабынмен жуу қажет.
Су тасқыны өткеннен кейін жеке меншік үй иелеріне аумақты су әкелген қоқыстан тазарту, құдықты тазалау және залалсыздандыру ұсынылады.
Егер оған тасқын су түссе, онда бұл құдықтан судың гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкестігі туралы зертханалық зерттеу нәтижелері болмайынша ішуге болмайды.
Дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іштің өтуі, әлсіздік сияқты симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгіну қажет. Жұқпалы аурулар тез дамып, күрделі асқынулар тудыруы мүмкін. Өз бетінше емделу денсаулыққа өте зиян зиян екенін еске саламыз.