Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Екі кездесу де Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады. Жарыстың аталған кезеңіндегі ойындардың бірінде «Бавария» (Германия) мен «Интер» (Италия) шеберлік байқасады. Бұл ойын «Qazaqstan» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал, тағы бір жұпта «Арсенал» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі белгіленген. Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Сондай-ақ, 9 сәуірде «Барселона» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Астон Вилла» (Англия) өзара кім мықтыны анықтайтын болады.
Қарымта ойындар 15 және 16 сәуірге белгіленген.
Биылғы маусымда аталған турнир жаңа ереже бойынша өткізіліп жатыр. Жалпы кезеңде алғаш рет 36 команда ойнап, алғашқы он екі орынға ие болғаны бірден 1/4 финалға жолдама алды. Қалған он екісі 1/8 финалда бақ сынады.
Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц арена» стадионында өтеді.