Астанада 200 отбасы баспанасыз қалды

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін таңертең Астанада алты қабатты отбасылық жатақхана өртенді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхана ғимаратынан шыққан.

Салдарынан алтыншы мансард қабатындағы бөлмелер жанып кеткен.

Жалын 1 600 шаршы метр аумаққа таралған. Құтқарушылар ғимараттан 50 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.

Жатақханада 200-ден астам бөлме бар, тұрғындарды уақытша мектептің спорт залына орналастырды.

Алайда олардың кейін қайда баратыны әзірге белгісіз.

Өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.