BANNER

Новодолинский ауылында жаңа су құбыры салынады

Қарағанды облысының әкімдігі

Шахтинскіде сумен жабдықтау сапасын жақсартумен айналысуда. Қалада су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасуда, үшінші кезек аяқталуы тиіс. Жобаны іске асыру желілердің тозуын 61%-дан 28%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жұмыстар жақын маңдағы ауылдарда да жоспарланған.

– Биыл Новодолинский кентінде су құбыры желілерінің құрылысы басталады, жоспар бойынша аяқтау мерзімі – 2026 жылдың соңына дейін. Кәріз желілері бойынша тозуды төмендету үшін ЖСҚ әзірленді және Шахтинскіде кәріз коллекторларының құрылысына сараптаманың оң қорытындысы алынды. Шахан кентінде кәріздік тазарту құрылыстарын салу және Шахтинск қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, – деп хабарлады қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жылумен жабдықтауды жақсарту да басым мәселелердің бірі. Қала әкімі өткен жылы ЖЭО-на ауқымды жөндеу жүргізіліп, жылу желілері ауыстырылғанын атап өтті. Бұл жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етті. Шахтинск ЖЭО мен Шахан қазандығын жөндеу науқанының 2025 жылға арналған жоспары толығымен жасалды. Мұрат Қыдырғанбековтің айтуынша, мердігерді анықтау және қажетті материалдарды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Ал жылу желілерінің тозуын төмендету үшін Молодежное көшесіндегі ұзындығы 5 км магистральді құбырды қайта жаңарту жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қала әкімі кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы да айтып берді. Өткен жылы әлеуметтік қорғалатын санаттағы 62 отбасы пәтер алды. Биылғы жылға жоспарлар көбірек.

– Карл Маркс көшесіндегі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау, Шахан кентіндегі екі кірме үйдің қайта жөнделуін аяқтау жоспарланып отыр. 2025 жылдың соңына дейін кезекте тұрған 85 адамды пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған. Биыл жеке инвестициялар есебінен көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланып отырған жер телімі алынды, – деді Мұрат Қыдырғанбеков.