Елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасы қыркүйек айында тестілік режимде іске қосылады, деп хабарлайды LIFE09 ақпаратттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарайшық ауданының тұрғындарымен кездесуінде "LRT жолақысы қанша болады" деген сұрағына жауап берді.
"Астанада LRT жолақысы 100 теңгеден 200 теңгеге дейін болады", - деді әкім.
Елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасы қыркүйек айында тестілік режимде іске қосылады деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта нысанда рельстер төселуде – ұзындығы 2 шақырым болатын учаскеде, сондай-ақ оптикалық талшықта жұмыс аяқталды. Биыл жұмысқа 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды, жаз мезгілінде нысанға 5 мыңға жуық маман тартылады.
Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді.