Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Фото: yandex.kz

Ақын, драматург, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жары, белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

QyzPU басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай университет ұжымы мен білім алушылары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың дүниеден өтуіне байланысты туған туыстары мен жақындарына көңіл айтады, – делінген хабарламада.