Танымал блогер Дарикорнның басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желі жұлдызы жол ережесін бұзып, төтенше жағдай туғызатын іс-әрекет жасаған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, блогер жол қозғалысы ережелерін демонстрациялық және арандатушылық сипатта бұзған. Белгі бермей, жолақты кенеттен ауыстырып, төтенше жағдай тудыратын видео түсірген.
"Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі ("Дабыл беру талаптарын орындамау") және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі ("Төтенше жағдай жасау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды” — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД.
Сондай-ақ, полиция мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіретінін ескертті.
"Мұның барлығы интернеттегі лайк пен комментарий үшін жасалады. Атақ-даңқ, ақша, оқырманы көп болса да жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей.
Біз азаматтарды жауапкершілік пен тәртіпке шақырамыз. Қауіпсіздік ойын немесе әлеуметтік контент емес. Бұл – әркімнің жауапкершілігі”, – делінген ведомствода.