Шерзат Болаттың туыстары сот отырысына келмеді

Фото: yandex.kz

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот ісі жалғасуда. 28 сәуір күні өткен сот отырысына марқұмның туыстары қатысқан жоқ, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі El.kz-ке cілтеме жасап.

Судьяның рұқсатымен жәбірленушілер сот отырысына келмеді, – деді судьяның хатшысы.

Аталған күні сотта оқиға орнында болған екі әйелдің бірі — Эльмира Нұрбековадан жауап алу процесі жалғасты.

Бұған дейін, 2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынған болатын. Алдымен сот алдында Шерзат Болаттың әжесі жауап берсе, артынан оның анасы Гүлбара Бишембиева сұралды.