Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген күдікті қамауға алынды

Фото: Павлодар облысы прокуратурасы

 Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген 38 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен ақпаратқа қарағанда, күдікті әйелді үйінде өлтірген. 

– Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1979 жылғы әйелді тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылғы күдіктіні ұстады. Күдікті қамауға алынды. Одан заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу департамент бастығының бақылауына алынған.

 https://kaz.inform.kz/news/atirauda-46-zhastagi-ayeld-oltrgen-kudkt-kamauga-alindi-fb1c67/