Қарағандыдан батыр-ұшқыш Нұркен Әбдіровтің туған ауылына жүгіру басталды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылық әуесқойлар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 250 шақырымды еңсермек. Олар жарысты аты аңызға айналған батыр-ұшқыш Нүркен Әбдіровтың ерлігіне арнады. Маршрут Қарқаралы ауданы Жарлы ауылына дейін өтеді.

Бүгін таңертең жарысқа қатысушылар Нүркен Әбдіров ескерткішінің жанында жиналды. Монументтің түбіне гүл шоқтары қойылды.

Патриоттық акцияға 26 жүгіруші мен 15 велосипедші қатысады. 

Жарысты Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың жиені – ішкі істер органдарының ардагері Әбубәкір Әбдіров бастады.

Жүгіруге түрлі кәсіп иелері мен әртүрлі жастағы адамдар – ардагер-шахтерлер, ЖОО мен мектеп оқытушылары, студенттер қатысады.

Қатысушылардвң ең ересегі – 72 жастағы шахтер-ардагер, марафоншы Ислам Мүслімов. Оның айтуынша, бұл топ жастарға үлгі болуды мақсат етіп отыр.

– Мен үнемі спортпен айналысамын. Бұл жүгіруге біз ақпан айынан бастап дайындалып, күн сайын жаттықтық. Біздің идеяны жастар қолдағанына қуаныштымын. Қашықтық ұзақ, бірақ бәрі де мықты. Марафон басталар алдында қатысушылар медициналық диспансерде толық тексеруден өттік. Біз жүгіре алатынымызға сенімдіміз, – деді Ислам Мүслімов.

Маршрут Нүркен Әбдіров даңғылынан басталды. Акцияға қатысушылар бірінші аялдаманы Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында жасап, орталық алаңдағы ескерткішке гүл шоқтарын қояды. Содан кейін жүгірушілер Қарқаралыға дейін барады. Онда да «Азалы Ана» мемориалының жанында салтанатты іс-шара өткізу жоспарланған. Содан кейін соңғы нүкте – Жарлы ауылында болады, онда жүгірушілерді батыр ұшқыштың жерлестері қарсы алады.