Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды. Бұл патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.
Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр.
«Әрбір үзінді — әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға», — дейді ұйымдастырушылар.
Жоба батырдың құрметіне жасалған ең үлкен балалар фотомозайкасы ретінде дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге жіберілді. Рекорд расталған жағдайда барлық қатысушылар атаулы сертификат пен мен медальға ие болады.