Ұлттық банк Ұлы Жеңіс күніне орай жаңа монеталарды шығарды

Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк "Көрнекті оқиғалар мен адамдар" сериясынан Ұлы Жеңіс.80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Монеталардың қашаннан бастап сатылатыны кейін белгілі болады.

“ Ұлы Жеңіс.80 жыл” монеталары Ұлы Жеңістің тарихи жадын мәңгілікке қалдыру және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлығына құрмет белгісі ретінде шығарылды. Монеталардың шығарылымы ұмытылмас датаға орайластырылған және мәдени-тарихи мұраны сақтауға деген ұмтылысты көрсетеді”, – деп мәлімдеді ұлттық банк.

Монеталарда қаза тапқан батырларды еске түсіретін мәңгілік алау бейнеленген. "80" санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және мемлекеттік Тудың элементтерін үндестіретін стильде жасалған.

 

Монета:

  • алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі-түсті баспа технологиясы бойынша, "proof" өндірістік сапасымен, номиналды құны – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана;
  • нибрас/нейзильбер қорытпаларынан (биколорлы) жасалған, салмағы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм, номиналды құны 200 теңге, таралымы он миллион дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстаның бүкіл аумағындақабылдануға міндетті. Қазақстан теңге сарайында коллекциялық монеталар жасалды.