Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін қамауға алынды

Видеодан скрин

Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, блогер жергілікті супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған.

Жас жігіт желі қолданушыларының назарын аудару мақсатында автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырып, көліктің жолаушысына дауыс көтерген. Видео әлеуметтік желіде тарады.

Құқық бұзушы анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Осылайша, блогер үшін супермаркеттің жарнамасы 10 тәулікке қамалумен аяқталды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға қоғамдық орындарда заңды сақтаудың және жалпы қабылданған тәртіп ережелерін орындаудың маңыздылығын еске салды.