Теміртау қаласы дүкендерінің бірінде газ жарылды

Фото: ТЖД бейнематериалынан

Теміртау қаласында 2 қабатты  "За углом" дүкен ғимаратында газ баллоны жарылды. Қазіргі уақытта үйінді астынынан ер адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 
ТЖД мәліметінше жарылыс 08.06 -да болған. 08.44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды, үйінді астында ер адам бар, қирандыларды қопару жалғасуда.
Оқиға орнында ТЖД күштері 40 адам және 10 техника жұмылдырылды.