Қытайдың Хэбэй провинциясында ерекше бағыттағы медициналық қызмет іске қосылды — мұнда жұмысқа барғысы келмейтін адамдарға көмек көрсетілетін "Жұмысқа барғысы келмейтіндерді емдеу клиникасы" жұмысын бастады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
South China Morning Post (SCMP) басылымының мәліметінше, бұл бастаманы дәстүрлі қытай және батыс медицинасын біріктірген аурухана қолға алған.
Мектепке барғысы келмейтін балалардан — жұмысқа шыққысы келмейтін ересектерге дейін
Жобаның авторы әрі ұйқы және психология бөлімінің директоры Юэ Лиминь бұл идеяның негізі бұған дейінгі "Мектепке барғым келмейді" атты табысты бағдарламада жатыр дейді. Сол кезде ата-аналар тарапынан: "Мұндай көмек ересектерге де керек" деген сұраныс жиі түскен.
Не үшін клиникаға жүгінеді?
Мұнда күйзеліс (выгорание), эмоциялық тұрақсыздық және жұмысқа деген қызығушылықтың жоғалуы секілді мәселелерге тап болған адамдарға көмектеседі.
"Біз “мазасыздық” немесе “депрессия” секілді диагноздарды саналы түрде қолданбауға тырысамыз. Бұл — адамдардың психологиялық көмекке жүгінуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды азайтуға көмектеседі", – дейді Юэ Лиминь.
Диагностика мен ем қалай өтеді?
Клиникада науқасты қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады:
Психологиялық әңгімелесу;
Физикалық тексерулер (мысалы, қалқанша без қызметін бағалау, яғни гипертиреозды жоққа шығару үшін);
Жеке ем жоспарын жасау.
Қазірдің өзінде клиникаға қызығушылық жоғары болғанымен, Юэ Лиминьнің айтуынша, нақты пациенттер саны аздау.