19 жастағы жігітті пышақтап өлтірген сарбаз 15 жылға сотталды

Stan.kz

Оқиға биыл Түркістан облысында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Марқұм Жасұлан Әбдіманаптың анасының айтуынша, 19 ақпанда ұлына қарыз туралы сөйлесу үшін таныстары хабарласқан. Сол күні кешке оны көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Онда жігітті соққыға жығып, 14 жерінен пышақтаған. Кейін Жасұланның атынан сегіз несие мен шағын несие алынғаны анықталған. Нәтижесінде сот сарбаз Мурод Әбдіжәмиловті 15 жылға соттаған. Ал екінші күдікті Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, Адина Мамаева 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.