5 жасар Ерсұлтанның анасының айтуынша, ұлы Arashi MMA секциясына жаттығу басталғанға 10 минут қалғанда келіп, басқа балалармен ойнап жүрген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Сол сәтте 15 жастағы жасөспірім оған трактор дөңгелегін лақтырған, соның салдарынан бала құлап, көзін жылу батареясына соққан.
Балаға екі ота жасалса да, көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмады. Полиция жаттықтырушы мен жасөсіпірімге қатысты екі қылмыстық іс қозғап, артынша қылмыстық құрамның болмауына байланысты жауып тастаған.