Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай украиналық боксшыны жеңіп, жартылай финалға шықты

Сурет: ҰОК / Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатының ширек финалында украиналық былғары қолғап шебері Анна Охотамен жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Осылайша отандасымыз Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетейік, бұған дейін 8 боксшымыз жартылай финалға шығып қойған болатын.

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.