«Еріктілер кеңесінің» мүшелері қарияларға құрмет көрсетті

Сурет: МҚІА

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері – Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің өнерпаздарымен бірігіп, «Добрые руки» қарттар үйінің қарияларына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерттік бірлестік ұжымы қарттарға арнап тамылжыта ән шырқады. Концерттік бағдарлама көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында қариялар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.