Астаналық оқушы "ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды

Әлеуметтік желіден

Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Исатайұлы Алдияр  "ҚР еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды. Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.

Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.