Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі іске қосылады

© Sputnik / Илья Наймушин

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылдың 29 қарашасынан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады.

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады.

"16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді", - дейді әуе компаниясы.

 

Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.

Айта кетері, Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.