BANNER

Ат арбалары, әдемі түйелер және түрлі-түсті ұлттық киімдер шеруі: Теміртау тұрғындары Наурызды қалай қарсы алуда

Фото: gov.kz

Теміртауда ұлттық киімдер шеруі өтті.

Түрлі-түсті шеруге мыңнан астам адам қатысты.

Жарқын көйлектер киген қыздар, камзолдар

мен шапан киген ер адамдар жиналған шеру Б. Момышұлы даңғылынан бастау алды.

Қатысушылар халық әндерін орындады.

Ат арбалары мен түйелер бұл шараның көркін аша түсті.

Шерудің басты кейіпкері – Қызыр баба болды, ол аңызға сай, 21-нен 22-ші наурызға қараған түні 40 үйдің есігін қағып, сол шаңыраққа бақ-береке сыйлайды.

Шеруге қатысушылар Металлургтер ескерткішіне дейін жүріп өтті.

Мереке бұқаралық той-думанмен және концертпен аяқталды.