Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Life09 ақпарат агенттігі.
«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.