Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді.
“Жер сілкінісінің эпицентрі – Қытай аумағында, яғни Как-Шаал-Тоо жотасында орналасқан. Ол Бедель ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде тіркелген. Бұл аймақта жер сілкінісінің қарқындылығы 3,5 балл болды.