2025 жылы шетелден 16 805 этникалық қазақ Қазақстанға көшіп келіп, «қандас» мәртебесін алды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ztb_qaza Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1991 жылдан бері тарихи Отанына оралған қандастардың жалпы саны 1 миллион 164 мың адамнан асты.
2026 жылдың басындағы статистикаға сәйкес:
• қандастардың 57,4%-ы — еңбекке қабілетті азаматтар,
• 34%-ы — кәмелетке толмағандар,
• 8,6%-ы — зейнет жасындағы адамдар.
Жаңа қоныстанушылар негізінен еңбек күші тапшы өңірлерге орналастырылды. Атап айтқанда, Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Өткен жылы аталған өңірлерге 2 309 адам қоныс аударып, белгіленген квота толық орындалды.
2025 жылы 17 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
Фото: Canva шаблон