Ақтөбе қаласында ҰБТ нәтижесін «сатып беремін» деп уәде еткен мұғалім сотталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттгі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Тергеу барысында ол талапкерлермен сөйлесу кезінде әр балды 7 мың теңгеге бағалағаны анықталды.
80 балл жинауды көздеген әр талапкер мұғалімге 560 мың теңгеден ұсынған. Алайда, бұл заңсыз әрекет әшкереленді.
Сот шешімімен мұғалімге 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сонымен қатар, 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Ақтөбеде ҰБТ-дағы балдарды ақшаға саудалаған мұғалімге үкім шықты
Фото: Life09