Таразда анасы кәмелетке толмаған ұлын соққыға жыққан

Фото: Gemini ИИ

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, әйел бұл әрекетке бұрынғы күйеуінен кек алу мақсатында барған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға сәтін өзі видеоға түсіріп алған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда балалар арнайы мекемеге орналастырылды.